9 қазанда Жамбыл ауданының аумағында Алматы-Бішкек автожолының 43-шақырымында 37 жастағы әйел "Хюндай" автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1987 жылғы О. есімді азаматтың басқаруындағы автобуспен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы, сондай-ақ бір автобус жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта осы ЖКО-ның барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.