Өткен жыл қызылордалықтар есінде несімен қалды?
Өткен жыл қызылордалықтар есінде несімен қалды?
222
оқылды
Соңғы жылдары Қызылор­да қаласында  жаңа өнеркәсіп орны іске қосылып, аймақ эко­­но­микасына қомақты ин­вес­­тиция тартылған. Өңдеу өнер­кәсібі өнімінің көлемі арта түскен. Аймақ басшысы ел­дің әлеуметтік және эконо­ми­калық жағдайын жақсарту мақсатында игі істерді қолға алды. Осы ретте аймақтың әлеу­меттік-экономикалық даму жағдайы еліміздің өзге өңір­леріне үлгі боларлықтай артып, өсіп-өркендеп келе жат­­қанын айта кеткен жөн. Мәселен, өткен жылы қалада әлеуметтік-экономикалық ма­ңызды мәселелер кезең-кезеңі­мен өз шешімін тапты. Әлеу­мет­­тік бағдарламалардың сәтті жү­зеге асырылуының арқа­сын­да эко­номикамыз өрістеді. Эко­но­микалық дамудың арқа­сын­да Қызылорда қаласы өркен жайып, халықтың әлеуметтік ахуалы артты. Айшықты істер мен байыпты бас­та­малардың нәтижесінде ша­һа­ры­мыз шырайланып, өсіп-өркендеп, тұрақты дамып келеді. Бүгінде шаһардың инженерлік, ком­муналдық инфрақұрылымын да­мыту мен жол сапасын жақ­сар­туда кешенді шаралар қабылда­нып, қала құрылыс алаңына ай­нал­­ды. Көпқабатты үйлер мен әлеу­меттік нысандар салынды. Осын­дай тиянақты жұмыстардың арқасында кейінгі бес жылдың ішінде шаһардың кіріс көзі еселеп артты.
Соңғы жылдарда облыс орта­лы­ғында тұрғын үй құрылысы ерек­ше қарқын алып, халықты бас­панамен қамту көрсеткіші жо­ға­рылады. Бұл жыл сайын қала эко­номикасының өсе түскендігін аң­ғарт­са керек. Шаһар жылдам дамып келеді. Оны көзіміз көріп жүр. Бес жыл ішінде қалада жа­ңа­дан 14 шағынаудан бой көтерді. 2017 жылы апатты үйлер мәселесі толы­қтай шешімін тапты. Өткен жыл­дың өзінде 2 971 пәтерлік 61 көп­қабатты тұрғын үйлердің құ­ры­­лысы жүргізілген. Сондай-ақ қа­ланың 500 шақырымнан аса жолы күрделі және орта деңгейдегі жөндеуден өткен. Қашанда жол мәселесі шешімін табуды қажет ете­тіні белгілі. Мұндай жақсы жа­ңа­­­лықтан шет аймақтардың да түйткілді тұстары назардан тыс қалмай келеді.
Соның нәтижесінде өткен жы­лы тұрғын үй құрылысын дамы­ту­ға тартылған инвестиция көлемі 33 млрд 142 млн теңгеге жеткен. Об­лыс бойынша атқарылған құ­­ры­лыс жұмысының 43,8 па­йы­зы Қызылорда қаласының ен­ші­сіне тиеді. Ауқымды істерді жүзеге асы­рудың нәтижесінде 20 мың­ға жуық адам еңбекпен қам­тыл­ған. Халықтың әлеуметтік жағ­дайын жақсартып, тұрмыс са­па­сын арттыруды айқындайтын басты өлшемнің бірі – баспана. Елба­сының «Бес әлеуметтік баста­ма­сы» осыны меңзейді. Онда елі­мізде құрылыс индустриясын да­мытуға басымдық берілуі не­гіз­дел­ген. Осының аясында Елба­сының жаңа «7–20–25» бағ­дар­ламасы болашақта әрбір отбасын бас­панамен қамтамасыз етуді көз­деген. Бұл аймағымызда тұр­ғын үй құрылысын бұрынғыдан да өрістете түсуге жаңа серпін бе­­руде. Сондықтан бұл бағытта Қы­зылорда қаласында тұрғын үй бағ­д­арламасын жетілдіріп, арт­ты­ра түсуде қажетті іс-шаралар жа­­салуда.
Өткен жыл қызылордалықтар үшін есте қаларлықтай болды. Өйт­кені қаланың бас жоспарына сәйкес Сырдария өзенінің сол жа­ғалауынан жаңа қаланың құ­ры­лысы қарқын алды. Оның жұ­мы­сын жандандыра түсуге 18 құрылыс компаниясы атсалысуда. Өз қа­ражаты есебінен үйлер салып, қызу тірліктің көркін қыздыра түсуде. Мұнда алдағы уақытта 15 шағынаудан бой түземек. Сондай-ақ 770 пәтерден тұратын 18 көпқа­бат­ты үй салынбақ. Оған қоса әр­түрлі қаржы көздерін құрайтын сауда, бизнес, ойын-сауық нысан­д­ары орын теппек. Бұдан да бас­қа отб­асылық медициналық орта­лық, мектеп, неке сарайы және «Шіркейлі» каналы үстінен көпір салу көзделген. Сонымен қатар Дәстүрлі өнер академиясы мен ма­мандандырылған физика-мате­ма­тика мектеп-интернаты да осы жағалау бойына қоныстанбақ.
Сол жағалауда бұл күнде бір­не­ше нысандар мен көпқабатты үйл­ердің құрылысы жарыса бой кө­теріп, құрыш білекті құры­лыс­шылардың дамылсыз тірліктері жан сүйсінтеді. Сырдың бас шаһа­рын­да жасалып жатқан ел игілігі жолын­дағы тоқтаусыз тірліктер жүргізілуде. Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 36,6 пайызы – Қы­­зылорда қаласының үлесінде. Өткен жылы қаржыландырудың бар­лық көздері есебінен жалпы ауданы 536 мың 26 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 113,3 пайызға жетті. 2016 жылдан бері 1 000-ға жуық жас отбасы, ал был­тыр бір жылдың өзінде мем­ле­кеттік бағдарламалар арқы­лы 130 жас отбасы баспаналы болды. Сырдария өзенінің сол жаға­­лауынан «Нұрлы жер» бағдар­ла­ма­сы арқылы 8 млрд теңгеге 700 пә­терлік 14 көпқабатты тұрғын үй са­лынады. 13 ипотекалық тұрғын үй­дің құрылысы аяқталады. Бұл тұр­ғын үйлер кезекте тұрған көпба­ла­лы, тұрмысы төмен отбасыларға беріледі. Жаңа шағынаудандардың инженерлік инфрақұрылымын да­мытуға 1,9 млрд теңге қаралды. Қа­ланы, қалаға қарасты елді ме­кен­дерді ауызсумен жабдықтау, кәріз-сорғылық стансаларын қай­та жаңғыртуға, су бұру жүйесін да­мы­туға 1 млрд 509 млн теңге бө­­лінді.    width=Миуа БАЙНАЗАРОВА

Қызылорда облысы