Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Президент Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанды аралайды.

Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сапар барысында Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралайды.