Stan.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, депутат жақын арада заңсыз активтерді қайтару туралы заң күшіне енетінін еске салды.
"Қайтарылған мүлік сатылған кезде қаражат арнайы қорға түседі. Менің сұрағым бар: арнайы қордың ақшасы елге ашық бола ма? Өйткені біз жемқорлықтың ауқымын білеміз. Қанша ақша ұрланды? Назарбаев тұсында елді заңсыз талан-таражға салған олигархтардың дүние-мүлкін комиссия саудаға шығарып, ақшаны Ұлттық қорға аудару керек. Министрлік Ұлттық қордан бөлек арнайы қор құруды жоспарлап отыр. Арнайы қор қалай басқарылады? Ашық па, жабық па, білмейміз. Барлық жұртшылық порталда қайтарылған барлық активтерді көре алуы керек. Түскен ақша бюджетті дұрыс жоспарламағандықтан әкімдіктің жоғын жамап жатса, мұндай жағдайда ақша талан-таражға түседі деп есептеймін. Сондықтан бұл қаржы балаларға, жасөспірімдерге, денсаулық сақтау мен білім беру саласына бөлінуі керек", – деді депутат.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанға 217 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды.