Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Қайрат Нұрмағамбетовтың айтуынша, бұл факті Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.
"1978 жылғы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушінің алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеу шараларының нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады", – деді Қайрат Нұрмағамбетов.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы туристік агенттіктің қызметкеріне клиенттерінің бірі шабуыл жасап, қайшы тығып алғаны туралы жазған болатынбыз.