KYN.KZ тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлауынша, қазір Лаура Жүсіпованың соңында кәмелет жасына толмаған 4 ұлы қалды. Күйеуі мен ата-енесі, Лаураның туыстары қара жамылып, абдырап қалған. Айтуларынша, мәйітті сараптамаға жіберіп, адам шошырлық жағдайға тап болған.
"Қызым өте қатты қиналған. Өзім дәрігермін. Сараптаманы жасау кезде мәйітті ашқан дәрігерлердің өзі қайран қалды. Бала туылмай тұрып қайғылы жағдай болғанға ұқсайды. Меніңше, ол креслодан құлаған. Басында үлкен тесік болды. Оны ашқан дәрігерлер атқылаған қанды тоқтату үшін үлкен жұдырықтай бинтті басына күштеп тығып, сыртынан тігіп тастаған. Иегінде көгерген із.
Ішін ашқан кезде не жатыры, жатыр түтікшелері мен аналық безі, қуығы және қуық түтікшелері болмай шықты. Сонда олар қызымның бүкіл ішкі ағзаларын жұлып алған ба, білмеймін. Кінәлілер жауапқа тартылсын. Сарыағаштық дәрігерлер бізден нені жасырады? Қалай болғанын неге айтып, түсіндірмейді", – деп жылады марқұмның анасы Гүлайша Жүсіпова.
Оқиға осы жылдың 12 наурызында болған.