Олар жүргізілген жөндеу жұмысының сапасын, мектеп ішіндегі және іргелес аумақтағы қауіпсіздік жағдайын, сондай-ақ санитарлық нормалардың сақталуын тексерді.
«Бірінші кезекте оқушыларға берілетін тамақтың сапасын тексердік. Ас әзірленетін бөлмелерді аралап, мектеп асханаларын, азық-түлік сертификаттарының бар-жоғын, азық-түлікті сақтау жағдайын, мәзірдің стандартқа сәйкестігін және тағы басқаларды назарға алдық», – деді Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Қырмызы Жаңбыршина.
Балалар қауіпсіз ортада білім алуы үшін баспалдақтарда қоршаулар мен сүйеніштердің болуы, бүлдіршіндерді құлап кетуден қорғайтын терезе жабдықтарының, мектеп маңында жол белгілерінің болуы да маңызды рөл атқарады.
«Аталған мектептер талапқа толық сәйкес келеді. Күрделі жөндеуден кейін оқу процесі мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті жағдай жасалған», – деді «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Несібелі Бәсенова.
Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірдегі барлық білім беру ұйымына мониторинг жүргізіледі.