Көзі нашар көретін балаларға арналған №82 арнайы бөбекжай-балабақшада күрделі жөндеу жұмысы келесі жылы қаңтарда аяқталады.
«Балабақшаның құрылыс барысына қатысты қандай да бір ескерту айта алмаймыз. Алайда құрылыс материалдарының сапасы алаңдатады. Есіктер өте арзан әрі нәзік. Сығымдалмаған, тек бір-біріне жабыстырыла салған фанера сияқты. Батареялардың да сапасы күмән туғызады. Жоба бойынша салыстырып, ғимарат ауданына сәйкес қанша секциялы батареялар орнатылып жатқанын және осындай шағын көлемдегі радиаторлар жобада көрсетілген аумақты жылыта ма, жоқ па, соны қарау керек», – деді сарапшы Андрей Даниленко.
Усолка шағынауданындағы №5 бөбекжай-балабақшасында депутаттар мердігерлерге жұмыс қарқынын жеделдетуді, әсіресе күн суымай тұрып қасбетті безендіру жұмысын аяқтауды ұсынды.
«Біз бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне алғаш рет келіп отырған жоқпыз. Партия құрылыс жұмысы сапалы әрі белгіленген мерзімде жүргізілуі үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Бүгінде екі нысанда абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Алайда №5 балабақшада кәріз, электр, сумен жабдықтау, жылу жүйелерін тарту жұмысы тек 70-80%, ал №82 балабақшада 90-100% орындалды. Біз тиісті ұсыныс жолдаймыз», – деді «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова.