Жауын-шашын, жел, тұман: 12 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы құбылмалы болады.

«Қазгидромет» синоптиктері 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады,–  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз. Ел аумағы бойынша екпінді жел тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.