Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет – Мемлекет басшысы

Digital Bridge форумына 20 мыңнан астам адам жиналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет екенін айтты. Бұл туралы Президент Digital Bridge форумындағы баяндамасында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биыл Digital Bridge форумына 20 мыңнан астам адам жиналды. Оның ішінде 300-ден астам IT компанияның өкілдері және 30 елден келген делегация бар.

"Бүгінде 120-дан астам ел бұл мәселені шешу үшін әртүрлі заңнамалық акті қабылдады. Біз озық әлемдік тәжірибеге сай келетін, нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескеретін, құқықтық тұрғыдан реттейтін заманауи база әзірлеу ісін жеделдетуіміз керек.

Құқықтық шарттар халықаралық компаниялардың біздің нарыққа келуін ынталандыруы қажет. Ол үшін мүдделер тепе-теңдігін сақтап, ашық және әділ «ойын ережелерін» қалыптастырған жөн.

Жалпы, жасанды интеллект құралдарын адамдардың күнделікті өміріне кіріктіру оңай міндет емес. Бұл ретте олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс.

Форумға қатысушылар осы саланы реттейтін негізгі құжаттарды, соның ішінде Цифрлық кодекс жобасын әзірлеуге үлес қоса алады деп үміттенемін", –  деді Президент.