Көпбалалы отбасыларға – сауын сиыр
Көпбалалы отбасыларға  – сауын сиыр
244
оқылды
Қатонқарағай ауда­нын­да көпбалалы және аз қам­тыл­ған отба­сы­ларға бұдан былай жаз уақытын­да са­уын сиыр­лар жалға бе­ріл­мек. Еске салсақ, былтыр күзде Өске­мен қаласында өткен брифинг бары­сында аудан әкімі Ренат Құр­мамбаев жергілікті шаруа қо­жа­­л­ықтарының басшыларымен ке­лісіп, көпбалалы және аз қам­тыл­ған отбасыларға қосымша кө­­мек көрсетілетінін айтқан бола­тын. Көктем келісімен, бұл жұмыс бас­талып та кетті. Алғыс айту күні аясында Үлкен Нарын ауылындағы «Азат» шаруа қожалығының басшысы Мейірхан Жақсыбаев аудан әкіміне бер­ген уә­десінде тұрып, атаулы әлеу­мет­тік көмек тағайындаудың жаңа ере­желеріне сәйкес АӘК алу­шы­лар қатарына енбей қалған көп­балалы Зульфия Ситербаева мен Әсел Қолмоқбаеваға сауын сиыр­ларды жалға берді. Келісімшарт бойынша, жаңа иелері сиырларды күзге дейін ұс­тап, сүтін сауып, отбасының қа­же­­тіне жаратады. Сүтті қабылдау пунк­тіне тапсыра ма әлде қысқа ар­нап құрт, май, ірімшік даярлай ма, өз ерік­терінде. Тек сиырларды бағып ұстаса болғаны. Мал иесі көпбалалы аналардан төлема­қы сұрамағанды былай қо­йып, алда туатын бұзауын да өз­д­еріне сыйға тартпақ екен. Бұл бағыт­тағы жұмыс ауданда әлі де жал­ғасады.   Дәурен АЛЛАБЕРГЕН, Шығыс Қазақстан