Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.
«10 қазан күні Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған қызметкер 1967 жылы туған жергілікті тұрғын абайсызда жоғары кернеуге ұшырағанын анықтады. Экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, ер адам 6 мың вольтты электр тогымен зақымданды», – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі («Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.