Қарағандыда 11 жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Оқиға 11 қазанда болған.

Қарағанды қаласында 11 жастағы жеткіншек тоғыз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

ЕKaraganda.kz жазуынша, оқиға 11 қазанда болған.

«Сағат 12.16-да 2012 жылы туған баланың пәтер терезесінен құлап кеткені туралы хабар түсті. Бала үйде әжесімен болған, ата-анасы жұмысқа кеткен. Бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Айта кетсек, бұл 2023 жылдың басынан бері облыста балалардың терезеден құлауының 26-оқиғасы болып отыр.