Мемлекет меншігіне өткен компанияның 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған.
"Акционерлер жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады", – делінген KASE Қазақстан қор биржасының сайтында.
Phystech II кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орны. БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін компания тек шығын әкелген.
Бұған дейін Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталған болатын.