Қоғамдық келісімді сақтау – ортақ мақсат

Сенат Спикері Мәулен Әшім­баев Қазақстан халқы Ассамблея­сының кубогы сарапқа салынатын «Ел бірлігі» республикалық дебат сайысына қатысушылармен кез­десті.

Палата Төрағасы талантты және білімді жастарды қолдаудың маңызы зор екенін айтты. Жас буын елді жаңғырту және Әділетті Қазақстан құру ісінде қозғаушы күш ретінде айрықша рөл атқарады.

Сондықтан Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде білім беру сапасын арттыру мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді.

«Ел бірлігі» дебат сайысын өткізу мемлекеттік тілді дамытуға және оның қолданылу аясын кеңейтуге айтар­лықтай үлес қосады. Сенат тарапынан мұндай бастамаларға әрдайым қолдау көрсетеміз. Қазақстан халқы Ассам­блеясынан сайланған сенаторлар да бұл бағытта белсенді жұмыс істейді. Өйткені ел бірлігін нығайту және мемлекеттік тілдің ұлтты ұйыстырушы рөлін арттыру арқылы қоғамдық келісімді сақтау – біздің ортақ мақсатымыз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы палатаның жастарды қолдау бағытында атқарып келе жатқан жұмыстары жөнінде айтты. Мемлекеттік басқару ісіне жас буынды тартудың, тиісті жобалар мен заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы олардың азаматтық әлеуетін жандандырудың маңызды­лығына да назар аударды. Сондай-ақ ол Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының және Талдау мектебінің қызметіне тоқталып өтті.