Түркістандықтар Қытайда жүр

Түркістандық бір топ делегация облысқа инвестиция тарту, екіжақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу мақсатында Қытайға барды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тарқатып айтсақ, Түркістан облы­сының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бас­қармасы өкілдері бастаған, құрамында Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт, Ор­дабасы аудандары және Кентау қала­сының әкімдері, сонымен қатар кәсіп­керлерден құралған делегация құрамы Қы­­тай Халық Республикасының Линь­цин қаласына іссапармен жүр.

Іссапардың басты мақсаты – Түр­кістан өңірінің дамуына серпін бере­тін­дей жобаларды жүзеге асыру. Яғни, өңірге инвестиция тарту, екіжақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.

Делегация алғашқы күні Қытай Ха­лық Республикасының Шандонг про­вин­циясының Линьцин қаласының әкім­шілігі және бизнес өкілдерімен кез­десті. Жиналыста Линьцин қаласының басшылығы қаланың тарихын, бизнес климатын, ауыл шаруашылығы, өндіріс, қайта өңдеу салаларында жеткен жетіс­тіктерімен таныстырды.

Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары С.Көшкінбай Түркістан облысы делегация құрамын та­ныс­тырып, облыстың инвестициялық тартымды­­­лы­ғы бойынша әзірленген арнайы видео­материалды көрсетті. Со­нымен қатар облысқа инвестиция салудың тиімділігі бойынша арнайы презентация жасалды.

Түркістандық делегацияның ісса­пары Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік кәсіпорындарын аралаумен жалғасуда және соның аясында көрші елдің компанияларымен келіссөздер жүргізіліп, келісімдер жасалады.

 

Тельман ӘБДІБЕКҰЛЫ,Түркістан облысы