Азаматтық қоғамның әлеуеті артуда

Азаматтық қоғам – мемлекет дамуына әсер ететін бірден-бір күш.

Бұл туралы Президент те үнемі айтып келеді. Астанада өткен ХІ Азаматтық форумның мақсаты да осы. Жиынға жиналғандар «Елордадағы бақытты ғұмыр: жергілікті тұрғындар өмірін жақсарту үшін не істей алады?» деген тақырыпта өз ұсыныстарын білдіріп, әртүрлі пікірге құлақ түрді. Алқалы жиынды «Астана қаласы ҮЕҰ Альянсы» ЗТБ және Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «КАМЕДА» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. 

Форум азаматтық қоғам, мемлекеттік институттар мен кәсіпорындар үшін айтулы оқиға болып отыр. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаевтың ай­­туынша, форум – азаматтық қоғамды перспективалық дамыту және олардың құқықтық мемлекет құруға қатысуы жө­­нін­­дегі шешімдерді әзірлеу үшін тап­­­тырмас орын. Яғни, мемлекет–биз­нес–азаматтық қоғамның қатысуымен ма­ңыз­­ды ұсыныстар мен жаңа ойлар ай­тылатын ауқымды интерактивті диалог алаңы десек болады. 

«Бүгінде қаламызда 3 492 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 1 000-ға жуы­ғы белсенді. Бұл дегеніміз – соңғы үш­­­жыл­дықта азаматтық қоғам инсти­­­тутта­­­рының белсенділігі 3 есеге ­арт­­­­­қан­­ды-­

ғының көрі­­нісі. Биыл ел­орда­лық үкі­меттік емес ұйым­дармен бірлесіп білім беру, салауатты өмір салты, жастарды қолдау, балалар баста­­­малары және ха­лықтың әлеуметтік осал топтары, отба­сылық және тұрмыстық мә­­селелерді шешу саласында 55 әлеумет­тік жоба іске асырылуда. Қазір қалада 15-тен астам көп­функционалды орталық жұмыс іс­­­тейді, олардың мақсаты – аза­маттық бас­тамаларды қолдау және дағ­дарыстық жағдайларды шешу. Елордалық үкіметтік емес ұйымдардың күнделікті үздіксіз жұ­мысы мен ақылға қонымды тәсі­лінің арқа­­сында табысты іске асы­рылған жо­­­ба­­­­­лар­­дың саны мен сапасы жыл сайын артып ке­леді. Азаматтық қоғам өкіл­­­де­­рімен өзара іс-қимылды дамы­тудағы маңызды қадам­дардың бірі – Астананың Азаматтық баста­малар орталығын құру бол­ды», – деді ол. 

Сондай-ақ жастардың қаласына ай­налып келе жатқан елордада 79 мың сту­дент шоғырланғанын жеткізе келіп: 

«Олардың әлеуметтік бейімделуі, NEET жас­тардың деңгейін барынша төмендету – біздің алға қойған мақсатта­рымыздың бірі. Жастарды қолдау мақса­тында JolTap, «Жасыл ел», Jastar Jalyny, «Отбасы – бақыт мекені», «Жас сарбаз» және т.б. жобалары жүзеге асырылуда, сонымен қатар 35 жасқа дейінгі жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдар­­ламасы, жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы, 2,5% жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске асырылып жатыр. Алайда бұнымен тоқталып қалмай, әлемдік тәжірибеге сүйе­не отырып, жаңа жобалар бастау алуы қажет», – деген ойын жеткізді. 

Сөзінің соңында елордалық қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау және мони­торинг жұмысындағы рөлін ерекше атап өтті. Айтуынша, жақында қолданысқа енген «Қоғамдық бақылау туралы» заң осы бағыттағы жұмысқа жаңа серпін бе­ріп, ашық және есеп беретін мемлекет құруда драйверге айналған. Бұдан басқа, әлеуметтік кәсіпкерлер тізімінде тұрған ҮЕҰ-на өтеусіз гранттар беріледі. Бұл гранттар ұйымдарға өз қызметін дамытуға және кеңейтуге, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және маңызды әлеуметтік мін­деттерді шешуге мол мүмкіндік екенін ай­та келіп, Азаматтық форум түйткілді мәселелерге құлақ асып, шешімін табуға мүмкіндік беретін алаңға айналарына сенім білдірді. 

Былтыр Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында азаматтық қоғам тақыры­­бына ерекше тоқталып өтті. Шындығында да, елдегі азаматтық белсенділікті оятып, мемлекет пен қоғам арасындағы саналы және сындарлы әріптестік процесін бас­­тау маңызды. Азаматтық форум страте­­гиялық шешімдерді әзірлеу және азамат­­­тардың құқықтық мемлекетті қа­­­лып­­­­­тас-

­­­­тыруға қа­тысуы мақсатында мемлекеттің, биз­­нес­­тің және үкіметтік емес ұйым­­дар­дың өзара іс-қимылы үшін маңызды арена ретінде қызмет ететін болады. «Құқықтық мемле­кет құру үшін билік пен қоғамның серік­тестігі» тақы­рыбында өткен кезекті фо­рум­­­ның көтеріп отырған жүгі ауыр. Өйт­кені әлеуметтік мәселелерді шешу және Аста­­­наның тұрақты дамуын қамта­­масыз ету үшін қоғамның әртүрлі сектор­лары арасындағы ынтымақ­тас­тықты ны­ғайту қажеттілігі жан-жақты талқыға са­лынды. Жергілікті қоғам­дас­тықтардың өзекті әлеуметтік мәсе­­лелерін шешуге бағыт­­­­талған Аза­мат­тық қоғам инсти­­­тут­тары мен мемлекеттік құрылымдар ара­­­сындағы әлеуметтік әріп­тестікті ны­ғай­­­­туды мақсат еткен жиын­да спикерлер елорданы да­­­мытудың маңызды мәселелері бойынша қоғамның барлық секторлары арасындағы сындарлы диа­логке жәр­­дем­десу қажеттігін жеткізді. Аза­маттық бас­тамаларды, ҮЕҰ, бизнес-компаниялар мен халықаралық ұйым­дардың қызметін іске асырудың түрлі тетіктерін енгізуді көтермелеу да қоз­ғалды. Табысты әлеу­­­мет­тік модельдер мен озық техно­­­­логия­­ларды танымал ету үшін жағдай жасауға айрықша назар аудары­­­лып, азаматтардың жергілікті және ұлттық деңгейде озық тәжірибе­лермен алмасуға жәрдемдесу жайы да жеткізілді. Сондай-ақ елорда халқы ар­асында үкі­­меттік емес ұйым­дардың қыз­метін на­сихаттауға көңіл бө­ліну керектігі де сөз болды. 

Форумға қатысқан республикалық және елордалық үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, халықаралық ұйымдар, саяси партиялар мен бизнес өкілдері елордадағы коммерциялық емес секторды дамытудың неғұрлым өзекті мәселелерін талқыға салды. Оның ішінде жергілікті және ұлттық деңгейде азамат­тық қатысуды тарту, құқықтық мем­­­лекет құру үшін азаматтық баста­­­ма­ларды, ҮЕҰ, бизнес-компа­­нияларды, халықаралық ұйымдарды іске асырудың түрлі ны­сан­дары мен тетіктерін енгізу күн тәр­­тібіне қою төңірегінде түрлі ой тасталды. Тіпті, жиында кейбір тақы­рыптар кеңінен тал­қылану үшін пле­нар­­лық бөлім мен үш тақырыптық блок ұйымдастырылды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: сер­піліс нүктелері», «Тұрақты ҮЕҰ – елор­­даның әлеуметтік-экономикалық да­­­муына қосқан үлесі» және «Әйелдер мен жастар. Әлем. Қауіп­сіздік» тақырыбында өткен тақырыптық талқылауда. азаматтық сектор өкілдері жеке бастарынан өткен тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы мақсат-міндеттері тура­лы ойларын бөлісті. Со­­­нымен қатар фо­рум аясында елордалық үкіметтік емес ұйымдар арасында халық­­тың түрлі топ­тарын ақпарат­­тандыруға және олар­дың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыт­­­­талған әлеу­­­меттік жоба­­лардың үздік бей­­­нероликтеріне ұйым­­­дасты­­рылған «Жер­­­­­­­гілікті бастамалар» бай­­қауының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаз 20 ұйымға 500 000 теңге сома­­сында грант­­­­тар бөлінсе, қалған 10 ұйым­­ға мо­ти­­­­­­­вациялық естелік сыйлар тартылды. 

«Орда» аутизмі бар балалардың ата-ана­­­лары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салтанат Есмағамбетованың сөзінше, ұйым жеті жыл бұрын аутизмі бар бала­лардың ата-аналары қолдауының ар­­­­қа­сында құрылған. 

«Дегенмен мемлекеттің, демеуші­­лердің және серіктестердің қолдауынсыз біздің жоспарымыздың жүзеге асуы қиын болар еді. Сол үшін елордалық әкімдікке, «Камеда» ҚҚ-на ерекше алғыс айтқым келеді. Қазіргі күні осы қолдаудың арқа­­­сында біздің орталықта көптеген бала қызмет алып отыр. Біз мамандардың тә­жірибесіне ерекше назар аударамыз. Жеті жыл ішінде біз өзіміздің мықты мамандар тобымызды өсірдік, оларды қазір барлық комиссияларға сарапшылар шақырады. Ата-аналарға арналған тренингтер, семи­­нарлар тұрақты өткізіледі. Біз тек бір бала­мен ғана емес, бүкіл отбасымызбен жұмыс істейміз. Біздің жұмысымыздың басты аспектілерінің бірі – аналарды жұмысқа орналастыру. Мәселен, біздегі балалардың ата-аналары әлеуметтік қыз­меткер немесе педагог болып жұмыс істейді. Осылайша, олар тек өз отбасына және ерекше бала­­сына ғана емес, басқа отбасыларға да кө­мектеседі», – дейді бір­лестік басшысы.

Өз кезегінде сөз алған «Жақсылық ариф­­метикасы NS» ҚҚ басшысы Ұлжан Мырзагелдиева бұл жолға оңай келмегенін тілге тиек етті. Айтуынша, өз құқығын қор­­­­­­ғау үшін 2019 жылы ел төрінде болған оқиға кезінде Ақорда алдына шығып, көпбалалы аналармен 30 жылда ел тари­­­хында орын алған саясатқа көппен бірге қарсы шыққан. Сол кезден бастап халық үніне құлақ аса­­­тын үкімет оянып, ел аға­­­лары елге жа­­қын бола бастағанын айтқан ол: «Ақорда ал­­дында айқайлап, даусы­­­­мызды естірт­кенше, ел ағаларының алды­на барайық, сауатты түрде жеткізейік», – деп әкімдік жағаладық. Қиналған ха­­­­­­­­­лық­­­тың жағдайына бейжай қарамаған әкімдік мен секілді қолынан іс келетін ана­ларды қолдап, демеу білдіріп жатты. Кей аналар тігін цехын ашып, ке­й­бірі ас­хана ашып, ал бірі мүм­­кіндігі шек­­теулі жандарды жұмыспен қамтып жатса, мен аз қамтылған отбасы ба­­­­ла­­лар­­ына оқу ор­­­талықтарын ашып, қо­­ғам­­дық қор құрып, Сарыарқа ауданы өміріне белсене ара­­­­ла­сып кеттім», – дейді. 

«Балық емес, қармақ берген» әкімдік осы арқылы ауданның кішкентай тұрғын­дарына тегін білім алуға мүмкіндік берге­нін айтып ағынан жарылды.

«Осыншама қолдау мен демеудің ар­­қасында «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы 505 000 теңге грант жеңіп іс бас­­­таған мен «ДКБ–2025» бағдарламасы арқылы 5 млн теңге қайтарымсыз грант жеңіп, бизнесті дамыту жолына түсіп, «Астана СПК» АҚ мекемесінен ғимаратты жалға алып, екінші оқу орталығын аштым. Сарыарқа ауданында орналасқан екі оқу орталығында қазір 213 бала жеңілдетілген түрде білім алуда. Бұл жерде ел Президенті­нің қолдауымен жүзеге асып жатқан АртСпортEduKz бағдарламасын айтпай өте алмаймын. Өйткені осы бағдарлама көптеген бала мемлекеттің қолдауымен спорт және шығармашылық бағытта тегін білім алып жатыр. 213 балаға 27 ұстаз өз білгенін үйретуде. Ұстаздардың 10-ы қо­ғамдық жұмыс бағдарламасы арқылы жұмыс істесе, 10 жас маман «Жастар прак­­ти­­­­­касы» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты. Оқу орталығында тек қана білім беріп қоймай, қосымша қайырым­дылық іс-шараларын да өткіземіз», – дейді Ұлжан Мырзагелдиева.

Қарап отырсақ, азаматтық қоғамның тасы өрге домаламай, мемлекеттің алға қойған мақсаты заман талабы мен уақыт сұранысына сай дами алмайтынын көр­сетеді. Бұған дейінгі Жолдауында Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сон­дай-ақ аса маңызды жалпымем­лекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұ­­мыс­­тарына азаматтық қоғамның мүмкін­­­дік­­­терін кеңінен қолдану қажет», – деді. Се­­­бебі халық пен биліктің пікірі ортақ мүд­­­­­­деге жұмыс істегенде ғана бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға болады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, азаматтық қоғамның әлеуеті артса, ел игі­­­лігіне жұмыс істейтін заңдар қабыл­­­­данып, әлеуметтік-экономикалық дамуға даңғыл жол ашылады. Демокра­­­тиялық қоғам орна­­ған ортада жемқорлық та азая­ды. Осы себепті де азаматтардың ха­лық үшін қаре­кет етіп, ел игілігі үшін атқа­­рылатын іске білек сыбана кіріскені құба-құп.

Жадыра МҮСІЛІМ