Ертеңге дайынбыз: Жәнібек Әлімханұлы Гуалтьеримен жекпе-жегінің алдында мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуалтьеримен болатын ертеңгі жекпе-жекке дайын екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Салмақ өлшенді. Ертеңге дайынбыз!", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында.

Қазақстандық WBO чемпионының нәтижесі – 72,257 келі, ал IBF чемпионы германиялық Винченцо Гуалтьери – 72,347 келі.

Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуалтьери жексенбі, 15 қазан күні таңертең екі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді: WBO және IBF титулдары сөз болады. Бұл жекпе-жек Розенбергте (АҚШ, Техас) өтеді.