«Шымбұлаққа қар түсуіне байланысты көктайғаққа қарсы материал себіліп, бұрынғы экопосттан Шымбұлаққа дейінгі учаскеде жол қардан тазаланып жатыр. Жол қозғалысын шектеу үшін жол полициясы бекеті қойылды»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан екі жеке тұрғын үйдің ауласын су басты.
Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында түнгі ауысымға 34 кезекші бригада, 114 техника, 23 мотопомпа, 115 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Таңертең 8-ден бастап жолдарға 38 кезекші бригада, 166 арнайы техника, 23 мотопомпа және 468 жол жұмысшысы шықты.
Қазселденқорғау дерегінше, Алматы өзендеріндегі су деңгейі қалыпты жағдайда.
Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.