TikTok-та танысын "жезөкше" деп айыптаған тараздық сотта жауап берді

Жамбыл облысының тұрғыны танысын жезөкшелікпен айналысады деп TikTok әлеуметтік желісінде жалған ақпарат таратты. Өз кезегінде бойжеткен оны сотқа берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мойынқұм аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі ("жала жабу") бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2023 жылы қазан айында азамат А. жәбірленуші С.-ны "жеңіл жүрісті қыз" деп абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтіретін видеоны TikTok әлеуметтік желісінде жариялағаны анықталды.

Сотта А. өз кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірді. Жәбірленуші А.-ны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен А. тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.