Павлодар қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотта мас күйде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Іс материалдарына сәйкес Павлодар ауданындағы мектеп директоры мас күйде көлік айдаған.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, әдеп жөніндегі кеңесте оған қатаң сөгіс жарияланып, қызметінен босатылған.