Президент боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуалтьеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Жәнібек Әлімханұлы германиялық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын.