"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің мәліметінше, жер асты дүмпуі Алматы уақытымен 09:36-да болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1544 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2.
Магнитудасы – MPV 6,3.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Оның алдында, 7 қазанда Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.