Автобуста темекі шегіп тұрған Алматы тұрғыны желіні шулатты (видео)

Алматы тұрғыны автобуста тұрып темекі тарта бастаған, бұл жұртшылықтың наразылығын тудырды, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары жігіттің бұл әрекетін қатаң сынға алып, оны жазалау қажеттігін айтты.

Құқық бұзушы видео авторының өзіне жақындағанын көре салып, темекіні бірден лақтырып жіберген.