Талдықорғанда офицерді өлтірген күдікті оның әріптесі болып шықты
Талдықорғанда офицерді өлтірген күдікті оның әріптесі болып шықты
Фото: Дереккөзден алынды
158
оқылды
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі Талдықорғанда офицерді өлтірді деген күдікпен марқұмның әріптесі ұсталды. Дереккөздің айтуынша, ұсталған күдікті – Талдықорған қаласының 38 жастағы тұрғыны. Күдікті де марқұм қызмет еткен әскери бөлімшеде әскери қызметкер болып жұмыс істейді.
«Тергеу барысында бірнеше болжам ұсынылды, олардың әрқайсысы мұқият тексерілді. Көп жұмыс атқарылды. Жәбірленушіге қандай да бір қатысы бар барлық адамнан жауап алынды. Бірқатар тағайындалған сараптаманың нәтижелері алынды, олардың ішінде сот-медициналық, баллистикалық, портреттік және тағы басқалары бар. Нәтижесінде, ұсынылған болжамдардың бірі расталды, полиция қызметкерлері адам өлтіруге негізделген күдіктінің жеке басын анықтады. Жәбірленушімен қызметтес болған күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Талдықорған қаласының полиция басшысы Асқар Нұрсапа.
Еске сала кетейік, 24 желтоқсанда кешкі уақытта Қаратал ықшамауданында оқ тиіп, қайтыс болған  ер адамның мәйіті табылған. 36 жастағы ер адам Талдықорғанға жақын маңда орналасқан әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен.