Даңқты палуан, Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыханов журналист Дина Төлепбергеннің тележобасына қонақ болып, эфирде жылап қалды. Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тараған.
Видеода Тұрлыханов телефонмен ұлымен сөйлеспек болады. Алайда, көңілі босап, телефонын көмекшісіне ұстата салады.
Сондай-ақ, ол журналиске қатаң тәртіп туралы айтады. «Жылулықты анасы беруі керек деп ойлап келіппіз», – деп сөзін түйеді даңқты спортшы.
Айта кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың кіші ұлы Нұрасыл Болат көшеде төбелесіп, ерлі-зайыптыны соққыға жыққан болатын. Осы әрекеті үшін жуырда сот болып, айыпты түрме жазасынан құтылып кетті. Ол 1,7 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Ал, осыдан бірер ай бұрын Тұрлыхановтың өзге ұлы көшеде қызды ұрды деп айыпталды.
Фото: prosports.kz