Палата бюросының оты­рысы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының оты­рысы өтті. Онда депутаттар 19 қазан күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Сенаттың алдағы отырысында депутаттар «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл заңға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қол қойған және ол эко­номикалық өсуге, өзара және сыртқы сауда-эко­номикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге арналған.

Келісімді қабылдау ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттердің қаржы ұйымдарына өзара халықаралық сауда және инвестициялық қызметті қолдауға, сондай-ақ бірлескен бизнес-жобалардың үшінші елдердің нарықтарына шығуына белсенді қатысуға мүмкіндік береді.