Тұман түсіп, үсік жүреді: 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

"Қазгидромет" 17 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін республиканың басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. Сондықтан күн ашық, жауын-шашынсыз.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.