Telegram-дағы «Teннисология» арнасы әлемнің ең үздік он теннисшісінің, оның ішінде қазақстандық Елена Рыбакинаның бір жылдағы табысы жайлы ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл қорытындысы бойынша, Елена Рыбакина төртінші орынға жайғасты. Елена бір жыл ішінде 4,6 млн доллар (шамамен 2 млрд 200 млн теңге) табыс тапқан.
2023 жылдың табысы ең жоғары он теннисшінің тізімі:
1. Арина Сабаленко – 7,3 млн доллар;
2. Коко Гауфф – 5,5 млн доллар;
3. Ига Швентек – 5,4 млн доллар;
4. Елена Рыбакина – 4,6 млн доллар;
5. Маркета Вондроушова – 4,2 млн доллар;
6. Джессика Пегула – 4,1 млн доллар;
7. Каролина Мухова – 2,8 млн доллар;
8. Oнс Жабер – 2,7 млн доллар;
9. Петра Квитова – 2,4 млн доллар;
10. Мэдисон Киз – 2,3 млн доллар.
Фото: REUTERS / Toby Melville