Google іздеу жүйесінде таңғаларлық функция қосылды

Google-дің іздеу жолағына тапсырма жазып ЖИ көмегімен бейнелер жасауға болады. Ол үшін Google Search Generative Experience (SGE) жаңартуын қосу жеткілікті

SlashGear интернет платформасында Google-дің тағы бір ғажайып өнімі туралы мақала жарияланды. Іздеу жолағына тапсырма жазып жеке қолданушыға қажет бейнелер жасайтын функция қосылды. Жаңа сервистің қалай жұмыс істейтінін Aikyn.kz америкалық сайттағы материалға сілтеме жасай отырып түсіндіреді.

Фото Google сайтынан алынды

ЖИ көмегімен бейнелер жасау –ұсынатын жаңа идеялар тауып, шабыт алудың жаңа жолы. Ол үшін компьютерде Google SGE сервисін қосу жеткілікті. Жаңа мүмкіндікті бағалауда Google өзінің көлік тұрағын кеңсеге айналдыруды қалаған адамның мысалын қолданды.

Компания бұл болжамды адам: «Менің гаражымды үй кеңсесіне айналдыру идеясын ұсыныңыз» деп іздеу жолағына жаза алады. Сонда ЖИ адамға көмектесетін жобаны дайындап береді.

Бірнеше нұсқаның ішінен адам өңдеу опцияларын қолданып, нұсқаларды қысқартады, ұзартады немесе редакциялайды. ЖИ-дің өзгертулері көңілінен шыққан қолданушы жобаны Google Docs немесе Gmail қызметіне экспорттай алады. Ары қарай жобамен өздері өңдеп өзгерте алады.

Фото Google сайтынан алынды

Енді әрбір қолданушы іздеу жолағына қажетті сұрау енгізіп, ЖИ-дің көмегімен бейнелер мен графика жасай алады. Мысалы, Google-ге «аспаздың қалпағын киген, орманда таңғы ас пісіріп, шұжық қуырған капибараның фотосы» іздеуге болады. ЖИ көріністің 4 нұсқасын жасап береді. Пайдаланушы өзіне ұнайтын кескінді таңдап, ЖИ-ге фотосуретті қажеттігіне қарай өзгертуге қосымша нұсқау бере алады.

Google Images қосымша бетінде шабытыңызға сәйкес келетін бейнелер іздегенде олардың арасынан ЖИ жасаған кескіндерді де кездестіреді. Компанияның түсіндірмесінде «егер сіз «Хэллоуинге арналған дастархан» сияқты тақырыпта жаңа идеялар іздесеңіз, ЖИ сізге өз нұсқаларын жасайды». Google осындай технологияны қолдану арқылы жасалған барлық кескіндерде оларды басқа нақты кескіндерден ажырату үшін метадеректер мен ендірілген су белгілері болатынын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта пайдаланушыларға ЖИ-дің көмегімен суреттер мен кескіндер жасайтын SGE қызметі АҚШ, Үндістан және Жапониядағы шектеулі пайдаланушыларға және 18 жастан асқан АҚШ-та Google есептік жазбасының иелеріне ғана қолжетімді. Сынақтар толық аяқталғанда бұл қызмет әлемнің барлық елдерінде қолжетімді болады деп күтілуде.