Петропал қаласында жаттығу кезінде ішіне доп тиген жасөспірім облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде қайтыс болды,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
7152.kz-тің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қазанда кешкі сағат 19.00 шамасында Жабаев көшесінде Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болған.
Жедел жәрдем стансасына сағат 18.36-да қоңырау түскен, ал 18.40-та дәрігерлер оқиға орнына жеткен.
«2005 жылы туған жасөспірім футбол жаттығуы кезінде жарақат алды. Оның ішінің жоғары бөлігіне доп тиіп, көгалға құлаған, сол кезде шүйде тұсынан соққы алған. Жасөспірімге «нақтыланбаған жүректің тоқтауы, кома және жабық бас-ми жарақаты» деген диагноз қойылды», - делінген хабарламада.
Жасөспірім 20.10-да көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды.