Эстрада әншісі әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, әр адам заңға бағынуға міндетті екенін айтқан.
«Сот үкімі бойынша мен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылдым. Түске дейін саябақты тазаладық. Бұл – менің Тәуелсіз Қазақстаным, Отаным, елім, жерім. Әлбетте, Әнұраны бар, көк Туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңға бағынуымыз керек. Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып, тазалап жатыр», – деп жазады Төреғали Төреәлі.