18 қазан күні елордада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

18 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасы төмендегідей, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

9.30-да Қазмедиа орталығында «Әділетті Қазақстан: барлығы және әрқайсысымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның XI азаматтық форумы өтеді.

9.30-да Radisson Astana қонақүйінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандырудың артықшылығы мен кемшілігі» тақырыбында өңірлік кездесу өтеді.

10.00-де ҚР Паламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы басталады.

10.45-те «Астана» концерт залында Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті елорда әкімдігімен бірлесіп, 2023 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында (40 адам) жастарды әскерге шығарып салу рәсімін ұйымдастырады.

12.00-де Құтқарушылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың қатысуымен Астана қаласындағы «Құтқарушылар саябағы» скверінде (Янушкевич пен Пушкин көшелерінің қиылысы) гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Digital Bridge 2023 халықаралық форумының қорытындысына арналған сараптамалық дөңгелек үстел отырысы өтеді. Спикерлер: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті директоры Ерсұлтан Ерманов; Astana Hub басқарушы директоры Алина Абрахманова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Рухани келісім күніне арналған халықаралық конференция өтеді.

15.00-де Wyndham Garden Astana қонақүйінде Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді. Күн тәртібінде «Ауыл» партиясының Жарғысына өзгерістер енгізу мен толықтырулар және партияның Саяси кеңесінің құрамы туралы мәселелер қаралады.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы басталады.

19.00-де Жастар театрында «Қош, махаббат» драмасының премьерасы ұсынылады.