Тұман, жел, жауын-шашын: 18 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейеді.

"Қазгидромет" 18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Еліміздің басым бөлігінің ауа райын әлі де кең ауқымды антициклон анықтайтын болады, соған байланысты ашық, көбінесе жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Тек еліміздің солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі", – делінген ресми хабарламада.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

 

Фото: elements.envato.com