«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ертең еліміздің бірнеше аймағында ауа райы бұзылады, деп хабарлайды Aikyn.kz.
19 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тұман түседі.
Өскемен және Риддер қалаларында болжанып отырған қолайсыз күн райына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескерту күшінде қалды.