Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

19 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

19 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Өскемен және Риддер қалаларында болжанып отырған қолайсыз күн райына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескерту күшінде қалды.