Петропавлда негізгі кәріз коллекторларының бірі жарылып, көшелерді су басқан. Қазір апат орнында екі бригада жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Коммуналдық апат кеше, 18 қазан күні Абай және Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Салдарынан Абай көшесін су басып, аққан су жақын маңдағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріне де кірді.
«Көшедегі №86 үй аумағындағы диаметрі 800 мм-лік кәріз коллекторы зақымданған. Қазіргі уақытта кәріз суларын тарту жұмыстары ұйымдастырылды. Оқиға орнында 16 адамнан тұратын төрт жедел топ пен қажетті құрал-жабдықтар жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады «Қызылжар Су» ЖШС баспасөз қызметі.
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан бригадалар құбырдың жарылуына не себеп болғанын анықтап, қалыпқа келтіреді.