Американың әйгілі The Ring журналы бокстан орта салмақтағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Нalyq-uni сайтының prosports.kz-ке сілтеме жасап жазуынша, онда біршама өзгеріс бар екен. Мысалы, рейтингтің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін 2-орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Ал Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан 6-ға көтерілді.
Сонымен, The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік 10 спортшының орналасу реті мынадай:
1. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);
2. Карлос Адамес (Доминикан);
3. Эрисланди Лара (Куба);
4. Сергей Деревянченко (Украина);
5. Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания);
6. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан);
7. Элайджа Гарсия (АҚШ);
8. Феликс Кэш (Ұлыбритания);
9. Лиам Смит (Ұлыбритания);
10. Хамза Шираз (Ұлыбритания).