21 қазанда елдің 10 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
Атырау облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Астанада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде шығысында, күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с.
Павлодар облысында батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.