Алматыдағы саябақ Ататүріктің есімімен аталуы мүмкін

Шешім жобасы 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Алматы қаласындағы атауы жоқ саябаққа Ататүріктің есімі берілуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шешімді қала әкімі мен мәслихат депутаттары бірлесе қабылдаған. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

"Алматы қаласы Бостандық ауданы  әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, "Халық банкі" мен  Almaty Theatre ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін", – делінген шешім жобасында.

Құжатқа қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.