"Қазгидромет" РМК синоптиктері дүйсенбіде, 23 қазанда елдің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ұлытау облысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман.
Абай облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20м\с, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысында жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстік жартысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың басым бөлгінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз облыстың шығысында аздаған қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-ке дейін жетеді.