Жас өнерпаздар бақ сынады
Жас өнерпаздар бақ сынады
146
оқылды
Еліміздің жас өнерпаздары Ақтөбе қаласында өткен «Ұлы да­ла мұрасы» атты респуб­ли­ка­лық бай­қауда бақ сынады. «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарла­ма­сы аясында өткен, дәстүрге ай­нал­ған сайыс бұл жолы ұлы Абайдың 175 жыл­ды­ғына орай ұйымдасты­рыл­ды. Әр аймақтан келген 8 бен 16 жас ара­лы­ғындағы дарын иелері екі номи­нация бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, ұлттық аспаптарда ән орындап, ан­самбль, оркестр құрамаларында өнер көр­сетті. Халық әндері мен күй­ле­рін кеңінен насихаттауды мақ­сат ет­кен байқау жас өнерпаздарға кеңі­нен та­ны­мал. Осымен бесінші рет өткі­зіл­ген сайысқа 300-ге жуық үміткер қа­тыс­ты. Әсіресе, домбыра, қылқобыз және же­ті­г­енде ойнаған қатысушылар қазы­лар алқасы мен көрермендердің на­за­рын аударды. Мәдина Қабижанова, А.Жұбанов атын­дағы қазақ ұлттық аспаптар оркес­трі­нің бас дирижері:
– Оқушылардың деңгейі өс­кен. Жеке орындаушыларға қарап, әр­бір шәкіртіміздің заманауи аспаппен қамтылғанын көріп, қуанып отыр­мыз. Алдағы мақсатымыз – осы байқауды әлі де болса жоғары дең­­­гейге жеткізу. Жетек­шілер бір-бірі­мен осындай жа­рыс­тарға қатысып, тә­жі­­рибе алмасса деген тілегіміз бар, – дейді.
Байқау қорытындысында Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысы­ның өнерпаздары үздіктер қатарынан көрі­ніп, сый-сияпатқа ие болды.   Әділ БЕК