Оралда дәмханада болған өрттен бес адам зардап шекті

Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт 21 қазан күні сағат 22:00 шамасында Зачаганск кентіндегі Мөңкеұлы көшесіндегі "Арбат" банкет залында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі "Мой город" порталына мекеменің асханасында жабдықтар мен бензин генераторы өртенгенін мәлімдеді.

Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өрт салдарынан 5 адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Өрт 22:46-да толығымен сөндірілді. Оқиға орнында 49 өрт сөндіруші мен 15 техника жұмыс істеді", – делінген хабарламада.