Қазақстандық спортшы пара Азия ойындарында жүлдегер атанды

Жаңыл Балтабаева пара Азия ойындарында қола медаль алды.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан пара Азия ойындарында Жаңыл Балтабаева қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық құрама мүшесі Жаңыл Балтабаева пара каноэдан VL3 200 жекелей бағдарламасында  3-орынды иеленді. 

Алғашқы екі орын Өзбекстан мен Қытайдан келген параатлеттерге бұйырды.

 

Фото: Туризм және спорт министрлігі