Елдегі медициналық-санитарлық алғашқы көмекке айрықша мән беру қажет – Тоқаев

Елордада МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдығына, МСАК бойынша Астана декларациясының 5 жылдығына және ДДҰ-ның 75 жылдық мерейтойына арналған МСАК бойынша жаһандық конференция өтіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан МСАК бойынша жаһандық конференцияда елдегі медициналық-санитарлық алғашқы көмекке айрықша мән беру қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы конференция барысында денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің халықаралық жүйесін жетілдіру ісінде Алматы және Астана декларацияларының маңызы зор екенін айтты.

"Осыдан 45 жыл бұрын медициналық-санитариялық алғашқы көмектің әлеуметтік тұрғыда әділетті моделіне негіз болған Алматы декларациясы қабылданды. Бұл декларация әлемдік денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясына айналып, көптеген елдің халық денсаулығын жақсарту үшін шара қабылдауына, оны адамның іргелі құқығы ретінде мойындауына түрткі болды. Алматы декларациясы біраз елде ана мен бала өлімінің деңгейін жүйелі түрде төмендету, болжамды өмір сүру жасын ұзарту үшін шешуші рөл атқарды.

Бүгінде көптеген елде ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жолға қойылған. Онда медициналық-санитариялық алғашқы көмекке айрықша мән беріледі. Бұл бес жыл бұрын қол қойылған Астана декларациясында нақтыланады", – деді Мемлекет басшысы.