Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 қазанда өз жұмыстарын қайта бастайтын болады», – делінген хабарламада.
Еске салайық, ХҚКО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.
Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Фото: m.yk-news.kz