Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қыздар өзара ұрсысып, айғай-ұйқайға басады. Біраздан соң оның арты төбелеске ұласады, - деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қаласының тұрғыны көшедегі төбелес кезінде зардап шекті. Оған мұрынның жабық сынығы, қатты ісіну, сүйектің шығуы деген диагноз қойылған. Қыз полицияға арызданды. Төбелескен қыздарға полиция іздеу салды.
"Оқиғаға қатысушылар тарапынан түскен дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне қатысты тиісті шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Видео авторы төбелескендердің біріне оқ тигенін айтады.
Фото: polisia.kz