Жүрек тербеген жанды дауыс
Жүрек тербеген жанды дауыс
Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік ака­де­миялық қазақ музыкалық драма театрының орта буын акт­рисасы Айнұр Бермұхамбетова «Ай-Нұр әлемі» атты кон­церт-спектаклін көрермен назарына ұсынды. Кеш иесі екі сағат бойы жанды дауыспен әртүрлі жанрда күрделі ән­дерді шырқады. Шағын монологтар мен поэзия оқып, та­нымал кейіпкерлердің рөлін сомдады. «Ай-Нұр әлемі»  актрисаны өнер­сүйер қауыммен қауыш­тыр­ды деп айтсақ, артық емес. Сах­на мен экранда талай рөлді жар­қырата сомдап жүрген хас ше­бер тағы бір тамсандырды, та­ғы бір таңғалдырды. Кеш ба­рысында әннің әр сөзін, әр но­тасын жүректен жүрекке жет­кізу нағыз әнші-актрисаға тән қа­сиет. Өнерлі отбасы Нұркен Өтеуілов пен Айнұр Болатқызы өмірде де бір-біріне сүйеу бо­лып, екі ұл тәрбиелеп  отыр. Ана­сының кешінде кіші  ұлы Ақа­рыс Әшімхан  гитарамен ән са­лып, көрермен ықыласына бө­ленді. Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткерлері – Қ.Қыс­­тықбаев, С.Камиев, А.Иман­­баева, Н.Өтеуілов, А.Бер­­­­мұхамбетова шырқаған «Қыз Жібек» операсынан ария­лары  мен әзілдері де қоше­мет­ке ие болды.    width= Кеш соңында актрисаға Мә­дениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен кеш­тің басты қолдаушысы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет бас­қармасының басшысы Н.Сыдықовтың атынан ар­найы алғысхат табысталды. Ар­найы құттықтаулардан кейін театр директоры – өнертану ғы­лымдарының докторы, Қа­зақ­­­­станның еңбек сіңірген қай­раткері Асхат Маемиров кеш ие­сінің өнерге сіңірген елеулі еңбегін атап, алдағы уақытта да сахнаның киесін халыққа та­ныту жолында күш саларына се­нім білдірді. Сахна – қашанда саф өнер­дің, хас таланттың орны. Оны өзге дүниемен былғауға әсте бол­майды. Актриса келешекте де жұртшылық назарына көр­кем туындыларды ұсына бере­рі­не сенім мол.   М.ХАҚНАЗАР