Бүгін интернет болмайтыны рас па?

Бұл ақпараттың рас-өтірігін Ішкі істер органдары анықтап берді.

Кешелі бері "мереке күні, 25 қазанда интернет болмайды" деген ақпарат WhatsApp желісі арқылы белсенді түрде таралғаны белгілі. Осы мәселеге байланысты полиция анық-қанығын айтты.

Олардың айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тіпті, Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздеу шараларын қолға алғанын айтты.

"ІІМ азаматтарды арандатуға бой алдырмауға шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін ескертеді", – делінген ведомство хабарламасында.

фото: halyq-uni.kz