«Ресей Қазақстанның егемендігін қолдайды және қажет болған жағдайда оны қорғауға көмектесуге дайын», - деді Ресей елшілігі. Бұл туралы Aikyn.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Құрметті қазақстандық достар, Республика күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар! Ресей үшін Қазақстан сауда-экономикалық алмасуларға қатысушы ғана емес, көрші мемлекет. Бұл Ресей егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайтын және қажет болған жағдайда қорғауға көмектесетін сенімді одақтас және интеграциялық серіктес», - делінген хабарламада.